Еселі еңбек еленген күн

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Аталған мерекелік басқосуда аймағымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып,абыройлы еңбек еткен бірқатар сала мамандары марапат төрінен көрінді. Дәл осы марапат иелері қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қабырғасында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ұлағатты ұстаздар да бар.
Ауқымды шара да облыстық мәслихат хатшысы,профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы» грамотасымен марапатталды. Ал Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының академиялық доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірболат Кеншібай Ыбырайұлы«Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

JoomShaper