Білім алушыларға кәсіп ашудың тиімді тұстары түсіндірілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Экономика және құқық институты «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Л.А.Казбекованың ұйымдастыруымен «Дилмаш» ЖШС-нің директоры А.Б.Досмаилов және э.ғ.к. А.С.Шайнуровпен кездесу өтті.

Басқосуға «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында кәсіпорындардың тиімді жұмыс жүргізу мәселелері, мамандарды дайындау сапасы, түлектерді жұмысқа орналастыруға қойылатын жаңа талаптар, заманауи талаптар аясында білім беру бағдарламаларын жетілдіру және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. 

Сондай-ақ кездесуде кафедра филиалында тәжірибеден өту мүмкіндіктері, білім алушылардың өз кәсіптерін ашу мәселелері жайында бірқатар сауалдар қойылып, толыққанды жауап алынды.
Дөңгелек үстел бітіруші түлектерді жұмысқа шақырып, жоғары білікті мамандарды даярлау ісінде жоғары оқу орны мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

 

JoomShaper