Үздіктер қатарынан көрінді

«Менің туған өлкемнің әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты ІІ Республикалық эссе байқауы өз мәресіне жетті.

Аталған сайысқа Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Экономика және құқық институты мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 3 курс студенті Сертай Жаныбеков топ жарып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Байқауда дарынды жас Арал өңірі және оның экономикалық дамуы,Арал теңізін қалпына келтіру үшін жүзеге асырылып жатқан жобалар тақырыбында қалам тербеген. Жетекшісі Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының оқытушысы Ақмарал Мұхтарова.
Болашағынан зор үміт күттірер марапат иесін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

JoomShaper