Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік

16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Педагогика және психология» кафедрасының ПП-19-1 оқу тобының 1-курс студенттері «Тәуелсіздік пен Елбасы – егіз ұғым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Елбасының өмір жолы мен ерен еңбегі туралы,сондай-ақ тұлғалық тұғыры жайлы түсінік беру шараның негізгі мақсаты. Қатысушылар сонымен қатар Тәуелсіздік жылдарындағы егемен елдің ең айтулы жетістіктерін жастардың санасына сіңіру турасында өз ойларын, ортаға салды.
Бағдарлама барысында құттықтау сөз «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Р.Т.Игенбаеваға беріліп, ұлағатты ұстаз мерекелік лебізін білдірді.
Салтанатты кеште өнерлі жастар мереке мерейін тасытты. Атап айтсақ Ақбота Анвар мен Нұрай Өркенова мың бұрала би билеп сахна сәнін келтірсе, Перизат Советбек пен Айдана Медетбекқызы әуезді әннен шашу шашып, кеш көрігін қыздырды.

JoomShaper