«Әбіш Кекілбаев» деректі фильмі білім алушылар назарына ұсынылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика және құқық» институтының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Әбіш Кекілбаев» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Аталмыш кинотуынды да қазақ әдебиетіне өшпес мұра,өлшеусіз із қалдырған қаламы қарымды қаламгердің ғибратты ғұмыры мен жарқын естеліктері, сондай-ақ шежірелі әңгімелері көрініс тапқан.
Деректі фильмді Ю-19-1, Ю-19-5, Ю-19-1у, УиА-19-1 оқу топтарының студенттері тамашалады.
Рухани азық сыйлар кештің негізгі мақсаты: барлық өмірін тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына арнаған Ә.Кекілбаевты еске алу, өнегелі өмірі мен өнерін жас ұрпаққа үлгі ету.
Басқосу соңында кинотуындыны көре отырып, ерекше әсер алған жастар фильмге қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

JoomShaper