«Мықты бизнес-қуатты мемлекет»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Экономика және құқық» институты, "Қаржы" кафедрасының ұйымдастыруымен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызылорда облыстық филиалының бизнес-тренері Мадина Қасымжанмен кездесу өтті.

Мақсат-жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуына қолдау көрсету, кәсіпкерлік қызметке белсенді тарту, сондай-ақ жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыру.
Аталған басқосуға «Қаржы» мамандығының 3-4 курс студенттері мен оқытушылары қатысты. Кездесуде кәсіпкерлікке кіріспе,кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-жоспар, кәсіпкерліктегі маркетинг,кәсіпкер үшін қаржы, банктік несиені қалай алуға болады, персоналды басқару, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері, салық салу сынды мәселелер жиын тақырыбына арқау болды. Мұнан бөлек М.Қ.Қасымжан қатысушыларға іскерлік ойындар өткізіп, жағдайлық тапсырмаларды қарастырды.

JoomShaper