Дарынды ұрпақ – ел болашағы

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студент» академиясының ұйымдастыруымен «Жастар – еліміздің болашағы» атты халықаралық форумы өтті.

Келелі басқосуға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Арайлым Алдаберген қатысып, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтің І дәрежелі дипломымен және «ХХІ ғасыр көшбасшысы» төсбелгісімен марапатталды.
Мұнан бөлек талапты ару «Үздік студенттер академиясының» мүшесі атанып, автобиографиясы үздік студенттер кітап жинағына жарияланды.
Арайлымның Қазақстанның болашақта дамуына септігін тигізер, көшбасшы маман болып қалыптасатынына сенім білдіре отырып, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

 

 

 

JoomShaper