«Тәуелсіздік – аңсаған арман, жеткен мұрат»

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту» бөлімінде «Тәуелсіздік – аңсаған арман, жеткен мұрат» тақырыбында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсы тыңдаушыларына арналған тәрбие сағаты өтті.

Бөлім бастығы С.Т.Жарбулова тыңдаушыларға тәрбие сағатының қонағы ретінде келген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы, университеттің «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісінің м.а., магистр Ш.Ү.Баймаханова мен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.Ж. Баялиеваны таныстырды.
Басқосуда келген қонақтар егемендік жолында азаттық аңсаған жалынды жастардың көтерілісін,сұрқия саясат пен арамза әрекеттердің орын алуын, сондай-ақ оны жою үшін наразылық танытқан бірқатар жастың ажал құшқанын баяндап берді.
Кездесу соңында бөлімнің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсының шетелдік тыңдаушылары Желтоқсан оқиғасының куәгерлері болған ұстаздарға әртүрлі сауалдар жолдап, тақырыпқа қатысты өлеңдерден үзінділер оқыды.«Елім менің» әнін шырқап, «Ақ арал» күйін орындады.

  

  

JoomShaper