Ұлағатты ұстаздардың мәртебесі артқан байқау

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Аграрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы-профессорлары Д.Ж.Нұржан, Б.Қ.Байжанова, Н.Ш.Нургалиев, Р.Д.Нұрымова, Қ.Т.Аленов «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның Құрметті Ұстазы» атты республикалық байқауына қатысып, білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбектері үшін «Қазақстанның Құрметті Ұстазы» төсбелгісі мен куәлігі және I дәрежелі Дипломымен марапатталды.

Айта кетейік аталмыш шараның негізгі мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының ұстаздары мен оқытушылары арасында кеңінен насихаттау.

 

 

 

 

 

 

JoomShaper