Өнерлі жастар университет мерейін үстем етті

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйымдастырумен ЖОО-ның студенттері арасында республикалық патриоттық ән байқауы болды.

Ірітектеу кезеңіне Республикамыздың 20-дан астам ЖОО-ның 88 студенттері қатысып, бақтарын сынады. 22 қатысушы суырылып ақтық кезеңге өтті. Қатысушы өнерпаздардың орындаушылық деңгейлері жоғары болғандықтан, конкурс өте тартысты өтті. Аталмыш байқауда Қорқыт Ата атындағы ҚМК университеті, Дәстүрлі өнер институтының МО-17-1 оқу тобының студенті Айбек Теңізбаев III орын және МО-18-1у оқу тобының студенті Айжан Қази дипломант атанды. Жетекшілері "Дәстүрлі музыка өнері" кафедрасының аға оқытушысы Байбулова Гулмира Төленқызы Абай атындағы КазҰПУ ректоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Конкурста Республикамызға белгілі өнер майталмандары қазылық етті.

  

JoomShaper