Зияткерлік қырымен көзге түскен ару

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ "Экономика және құқық" институты «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті Құралай Бердәлі Республикалық "Үздік студент - 2019" жобасы шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интелектуалды байқауына қатысып, I дәрежелі дипломмен сондай-ақ "ХХІ Ғасыр көшбасшысы" атты төсбелгісімен марапатталды.

Мұнымен қоса білім бәйгесінде оза шапқан жалынды жастың есімі үздік студенттер кітап жинағына енді. Болашағынан зор үміт күттірер белсенді шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 

JoomShaper