Алтын Орданың құрылғанына - 750 жыл

Алтын Орданың құрылғанына - 750 жыл толуына орай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ №1 оқу ғимаратында «Алтын Орда: шығу тарихы және қазіргі заман» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Тарихи-танымдық басқосуға «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шара барысында білім алушылар Алтын Орда дәуірінің құрылу тарихы, әдебиеті мен мәдениеті және салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптары жайлы баяндамалар жасады. Сондай-ақ археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер мен көне ескерткіштертуралы, сондай-ақ тарихи орындар жайлы мол мағлұмат берді.
Кездесу соңында жиынға қатысушы ұстаздар мен жастар бір-біріне сауал жолдап, тұшымды жауап алды. Айта кетейік аталмыш шара «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырылды.

 

 

JoomShaper