Әскери кафедра курсанттары марапат төрінен көрінді

ҚР Тәуелсіздігінің 28 жыл толуына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының ұйымдастырумен әскери-патриоттық сайыс өтті.

Әскери кафедраның 2 курс курсанттары арасында өткен тартысты бәсекеде 1 орынды №184 оқу взводы жеңіп алды. Жауапты офицері капитан Н.Ж.Пазылов. Ал 2 орынға №183 оқу взводы лайық деп танылса, №481 оқу взводы 3 орыннан көрінді.
Сондай-ақ 1 курс курсанттарынан құралған №192 оқу взводы командасы 1 орынды еншіледі. Жүлдегерлерге ауыспалы кубок табысталды. Жауапты офицері майор С.М. Кенжегулов. Ал 2 орынды №191 оқу взводы қанжығасына байлады. 3 орынға №194 оқу взводы жайғасты.
Мұнан бөлек шара аясында белтемірде тартылу бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген №184 оқу взводының 2 курс курсанты Ш.Дәулет болса, 100 метр қашықтықта жүгіру бойынша үздік көрсеткіш иегері №184 оқу взводының курсанты Қ.Қуанышбай атанды. Сонымен қатар 3000 метр қашықтықта жүгіру бойынша №184 оқу взводының курсанты С.Әмір үздіктер қатарынан көрінді.     
Белтемірде тартылу бойынша 1 курс курсанттары арасында жоғары көрсеткішті №192 оқу взводының курсанты Б.Баймаханов көрсетсе,100 метр жүгіру бойынша №193 оқу взводының курсанты Ә.Қаныбек оқ бойы оза шапты. Сондай-ақ 2000 метр жүгіру бойынша №192 оқу взводының курсанты Б.Сипатилла алдыңғы қатарға жайғасты.
Марапат иелеріне арнайы кубок пен Алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді.

 

   

   

 

 

 

 

 

 

JoomShaper