Малика Алдамжарова – ХХІ ғасыр көшбасшысы атанды

Нұр-сұлтан қаласында "Bilim orkenieti” ұлттық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен "ҮЗДІК СТУДЕНТ - 2019" жобасы аясында халықаралық "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты байқауы өтті.

Жобаға қатысқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Дәстүрлі өнер институты" ТМИ-18-1 оқу тобының студенті Малика Алдамжарова 1 ші дәрежелі дипломмен сондай-ақ "ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ" атты төсбелгісімен марапатталды. Және есімі үздік студенттер кітап жинағына енді. Өнерлі жасты жетістігімен құттықтаймыз! Шығармашылығына шалқар шабыт, еңбегіне толағай табыс тілейміз.

   

  

 

JoomShaper