СҮЙІНШІ!

Қазақстан Республикасы мəдени жəне спорт министрлігінің спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Самбо күресінен чемпионат өтті.

23-жасқа дейінгі ерлер мен əйелдер арасында болған Қазақстан Республикасының чемпионатында 72 кг салмақ дəрежесінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Жаратылыстану институты, Фкс-19-3 оқу тобының студенті Нұрбану Убайдулла жүлделі ІІ орын иегері атанды. Жеңіс құтты болсын!

 

JoomShaper