Білімді жас, мықты спортшы жеңіс тұғырынан көрінді!

Грек-рим,еркін жəне əйелдер күресінен 55 кг салмақ дəрежесінде сынға түскен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Жаратылыстану институты, ФКС-16-3 оқу тобының студенті Алпамыс Дастанбек жүлделі ІІ орын иегері атанды.

Қарағанды облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай, Кеңес Одағының ұшқыш-батыры Н.Əбдіровты еске алуға арналған LII Республикалық турнирінде жас спортшы осылайша, университет қана емес, аймақ намысын абыроймен қорғады. Үздік үштіктен орын алды. Жастар жылын жағымды жаңалықпен жалғаған Алпамысты құттықтаймыз!

JoomShaper