ЖЫРШЫЛАР БАҒЫН СЫНАДЫ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыршы – термеші Әмитжан Бөріқұлақовтың 95 жылдығына арналған «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы болып өтті.

Аталмыш байқауға Қорқыт Ата атындағы университеті Дәстүрлі өнер институтының аға оқытушысы Руслан Ахметовтың 5 студенті бағын сынады. Осы байқауда ТМИ-17-1 оқу тобының студенті Жәнібек Жақсан жүлделі 2 орынды иеленсе, ТМИ-18-1 оқу тобының студенті Малика Алдамжарова жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Байқауға қатысушы университеттің дәстүрлі өнер жыр мамандығының студенттері Жұлдызай Тұрлығұлова, Күмісбек Айжарықов, Аяжан Шыңбергенова Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

JoomShaper