Археолог – ғалымдар бас қосты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы Гуманитарлы-педагогикалық институты «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси» ғылымдар кафедрасына қарасты «Археология және этнология» мамандықтары бойынша білім алушыларға археолог-ғалымдармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Ж.Құрманқұлов, Қызылорда, Тараз, Түркістан облыстарында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген, тарих ғылымдарының докторы М.Елеуов, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Ғ.Меңлібаев, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Ж.Утубаев қатысты.
Кездесу барысында Ж.Құрманқұлов Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы мен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясында атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерін жан-жақты талқылады. Ал М. Елеуов ерте ортағасырлық көне-тарихи ескеркіштерге, қалалардың жасын анықтау, орналасу заңдылықтарына тоқталса,Ғ. Меңлібаев ғылым саласындағы өмір жолдарын әңгімелеп берді.
Мұнан соң жоспарланған Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңеске ұсынылатын «Қызылорда облысының жеті кереметі» атты 7 ғылыми еңбек жариялау туралы ұсыныстар баяндалды. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды.
Кездесу соңында ғалымдарға Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен жарыққа шыққан орталықтың жетекшісі, PhD доктор Ә.Ә.Тәжекеев және ресейлік ғалымдар т.ғ.к. И.А.Аржанцева мен С.Б. Болелов дайындаған «Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы» атты кітап-альбом сыйға тарту етілді.

JoomShaper