Бүкіләлемдік философия күні аталып өтті

Бүкіл әлемдік философия күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының «Философия және мәдениеттану» кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра меңгерушісі О.Б.Бермаханов және профессор-оқытушылар құрамы Ғ.Қ.Құлбашева, А.С.Жанбатыр, Б.М.Әпенов, А.Ә.Исабекова, Ғ.М.Ибраев, А.Т.Абдираманова, Ы.Ж.Аңламасова, Ә.Б.Жаппасбаев, Қ.Д.Нарымбаев, Ғ.А.Жәрімбет «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді.

Бүкіләлемдік философия күніне орай кафедра тарапынан ұйымдастырылып отырған тәрбиелік мақсаттағы дәстүрлі іс-шара түркі әлемінің ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығына арналып, қазіргі күндегі жастар санасы мен тәрбиесінің қалыптасуына деген оң ықпалы, философияның ғылымдар жүйесіндегі өзіндік орны туралы ақпарат беріп, ой-түсінік қалыптастыру болды. Аталған іс-шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б.Ж.Абдикаримов, ф.ғ.д., профессор Б.Қ. Қожамберлиев, т.ғ.к. У.С.Ибраев, теология магистрі Б.Е.Оспановтар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ғылыми техникалық кітапхананың ұйымдастыруымен кітап көрмесі өткізілді.
Іс-шара барысында 107 студент Әл-Фараби трактатына жазылған «Философияны түсіну үшін нені білу қажет» тақырыбында эссе жазып ең үздік деп танылған жұмыстарымен жоғарғы орын алған 6 студент:
1-орын иегері КЯЛ-18-3 оқу тобының студенті Нұрғали Қуатбай Нұрғалиұлы марапатталады.
2-орын 2 студент марапатталады. РЯЛ-18-2 оқу тобының студенті Гейдарова Джейлан
УиА-18-1 оқу тобының студенті Фазылова Диляра
3-орын иегері 3 студентке табысталады:
1) Ж-17-1 оқу тобының студенті Шернияз Жалғасбекұлы
2) Х-18-1 оқу тобының студенті Ұлжан Ерланқызы
3) МО-18-1 оқу тобының студенті Сатай Тұнық марапатталады дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, белсенділігін танытқан 20 студент ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

JoomShaper