Сүйінші!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі – технологиялық институтының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы СИБ-16-3 оқу тобының студенті Ғани Әділсерік 56 келі салмақ дәрежесінде спорттың ММА ережесіз жекпе-жек түрінен әлем чемпионы атанды.

Дүбірлі дода Бахрейн корольдігінің Манама қаласында өтті. Айта кетейік әлемнің 50 елінен 500 спортшы қатысқан аталмыш спорт түрі бойынша әлем чемпионы атағын Ғани Әділсерік екінші мәрте қорғап, еліміздің туын көкке желбіретті. Құттықтаймыз!

JoomShaper