Практикалық сайыс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және құқық институтының «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Бәсекеге қабілетті мамандар» тақырыбында азаматтық сот процесінен сайыс өтті. Аталмыш сайыста Ю-17-3,Ю-18-1у, Ю-17-1, Ю-17-2 оқу тобының студенттері қатысты.

Алдымен жеребе арқылы азаматтық іске қатысушылардың рөлдерін бөліп алып,содан соң некені бұзу, жұмысқа қайта орналастыру, жер дауы сынды арыз-шағымдарды назарға алды.
Студенттерге алдын-ала тек талап арыз көшірмелері берілді. Ал іс бойынша дәлеледемелерді ұсыну әр топ өздері дайындау тапсырылды.
Сот процесі тартысты өтті. Әр қатысушы өз позициясын дәлелдеу барысында тек сөзбен емес, Қазақстанның қолданыстағы заңдарын басшылыққа алып, өз талаптарын негіздей білді. Сайыстың басты мақсаты – сот процесін судья ҚР Азаматтық процесстік кодекс негізінде барлық қағидалар мен ережелерді сақтай отырып жүргізе білу, ал тараптар болса – сот процесінің жарыспалылығын көрсету.
Азаматтық процесстің қыр-сырын игеруде 1 курс студенттері бақылап отырды. Сайыстың соңында сайысты ұйымдастырушы Ж.А.Исаева «Құқықтану» кафедрасының доценты қорытындылап, студенттердің жетістіктері мен қателерін талдап, жеңімпаздарды анықтады.

JoomShaper