Мейірім-жылы жүректен

Тәлім-тәрбиеге негізделген адами құндылықтарды көрсете білудің бірден-бір жолы ол қайырымдылық. Осы ретте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» фронт клубы «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып «Мейірім-жылы жүректен» атты қайырымдылық кешін ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен, қолдауға мұқтаж, көпбалалы отбасыға кештен түскен қаржыға баспана сыйлау болмақ.Осыған орай университет студенттері мен оқытушылары «Харекет» қайырымдылық қорының арнайы жәшіктеріне шамасы келгенше,қалаған соммадағы ақшаны салды. Айтулы кеште білім ордасының талантты жастары әуезді әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, төкпелетіп күй тартты. Сондай-ақ белгілі ақын -жазушыларымыздың қалам тербеген өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кеш мұнан соң бірнеше бөлімнен тұратын сахналық қойылыммен жалғасты.Бұл қойылымда берекелі отбасының басқа түскен ауытпалықтарға қарамастан сыйластық пен татулықты, ынтымақ пен бірлікті сақтап қалғандығы айқын көрініс тапқан. Айта кетейік өткізіліп отырған Аталмыш шара соңында А.Шынтасқызы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» фронт клубының жетекшісі А.Каренеевке «Харекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облыстық өкіліне арнайы сертификат табыс етті.

JoomShaper