Кино кеші

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Экономика және құқық институтының Ю-18-3 оқу тобының ұйымдастыруымен «Кино кеші» өтті.

Мақсаты – жастардың бойында киноөнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, жалпы мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Жалпы айтқанда, өмір сүрудің денгейін көтерудің және халықтың дамуын арттырудың негізгі мақсаттарының бірі жастардың бойында дұрыс мәдени қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады. Бұл өз кезегінде кешенді іс-шараларды қамтиды. Осылардың ішінде кино ерекше орын алады. Киноны бірге бір топпен көру, оқу тобтарындағы, жалпы студенттер арасындағы өзара сыйластық қасиеттерін дамытады және коммуникативтік дағдыларды қалыптастырады. Шара соңында жастар өзара пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті. Аталмыш кеш алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

JoomShaper