Біліктілікті арттыру семинары

Қорқыт Ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті инженерлі – технологиялық институтының «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының бастамасымен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинары өтті.

Семинарды Ресей Федерациясы Оңтүстік-Орал мемлекеттік аграрлық университеті «Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. С.К.Шерьязов жүргізді. Аталмыш шараның мақсаты ғимараттар, кәсіпорындар мен аумақтардың жылумен жабдықтау жүйелерінің энергия тиімділігін арттырумен кәсіпорындарда энергия шығындарының төмендеуіне қол жеткізу шарттары мен әдістерімен таныстыру; жаңа стандарттармен ұсынылатын әдістеме мен тәсілдерді игерту. Тыңдаушыларға энергия үнемдеу, энергия тиімділігінің өзекті мәселелері және баламалы энергетика, энергия және ресурстар үнемдеудің экономикалық аспектілері туралы баяндаумен қатар, білім берудегі энергия және ресурстар үнемдеудің педагогикалық аспектілері, агроөндірістік сектордағы ресурстар үнемдеу бағыттары кеңінен баяндалды.
Біліктілігін арттыру семинарына университеттің профессор-оқытушылары қатысып, соңында профессор С.К.Шерьязов қатысушыларға сертификаттар табыстады.

JoomShaper