Ғылым, білім саласындағы тың жаңалықтарымен, бай тарихымен өзге оқу орындарының назарын аударған ҚМУ

Өңірімізге Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагер ұстаздарынан құралған делегация келді. Мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобасы аясында киелі орындарды тану, тарихымен етене танысу.

Және Сыр еліндегі білімнің қара шаңырағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен әріптестік байланысты нығайту. Делегация мүшелері әуелі Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлар тарихынан сыр шертетін Сығанақ қалашығында болды. Мұнан кейін олар түркі дүниесі тәу етер Қорқыт Ата мемориалы кешенінің жұмысымен танысты. Онан соң, ардагер ұстаздар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ат басын бұрып, Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан мен Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығы көрме залдарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ қонақтар Студенттер сарайында орналасқан тарихи мұражайды да аралап, ондағы сурет галереясына аса қызығушылық танытты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлт ретінде өзін-өзі тану, рухымызды асқақтату, өзінің тегін білген, тарихын білген ұрпақ асқақ болады делінген. Осы орайда, бұл шара Тұңғыш Елбасы көтерген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндесіп жатқанының бір көрінісі екенін паш етті. Бағдарлама барысында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, "Nur Otan" партиясы "Тұран" филиалы "Бірлік" бастауыш партия ұйымының төрағасы Жандос Базартай ұлағатты ұстаздарға ізгі лебізін білдіріп, кәдесый ұсынды. Өз кезегінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Балғабай Нақыпов киелі Түркістан өңірінің тарихы туралы құнды кітап пен кәсіби суретшілер қолынан шыққан мазмұнды суретті университет мұражайынан орын тапса деген тілекпен табыстады. Және оқу орнының болашағы зор екенін тілге тиек етіп, мұндағы білім, ғылым саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

JoomShaper
Виртуальный ассистент