Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелерінде мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен сындарлы өзара іс- қимылын нығайту жөніндегі тапсырма бергені белгілі.

Осы тапсырманы орындау мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы қолға алынды. Жобаның тиісті деңгейде жүзеге асырылуына байланысты М.С.Нарикбаев атындағы "КазГЮУ" университетінің базасында бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өтті. Онда тиісті сала мамандары жемқорлықты жою жолдарын әңгімеледі. Ол үшін тиімді тәсілдерді назарға ұсынды. Ашық бюджеттердің интерактивті картасы осы тәсілдің тиімді жолы болмақ. Сонымен қатар ақпараттық- насихаттық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Кеңесте сөз алғандар белсенді жастар әлеуметтік желілер арқылы осы бағыттағы шараларға ұйтқы болу керектігін алға тартты. Сыбайластық жемқорлыққа тосқауыл болып, өскелең ұрпаққа осыны ұғындыру бүгінгі жастардың еншісінде екенін әрбір жас естен шығармау керек. Әр саланың маманы нағыз өз ісін білетін азамат болғанда қоғам ілгері басып, экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымыз жақсарады, деді кеңесте сөз сөйлеген сала мамандары.

JoomShaper
Виртуальный ассистент