Республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы университет тынысымен танысты

Өңірімізге жұмыс сапарымен республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғараев келді.

Сыр журналистерімен кездескен ол «Жаңа медиа және сараптама» семинар-тренинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сапар барысында мәртебелі мейман Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ат басын бұрып, университет ректорының міндетін атқарушы Бахытхан Абдикаримовтың қабылдауында болды. Мұнан кейін Нұрмұхамед Байғараев Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығының көрме залымен танысты.

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент