Бір ел – бір кітап

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен ғылыми – техникалық кітапхана «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Ұлы даланың кемел тұлғалары» атты дөңгелек үстел өткізді.


Жылдағы дәстүрге сай өткізілетін акцияның биылғы бағыты ерекше. Себебі, іс-шараға екі бірдей алып тұлға ақын Әбілда Тәжібаевтың өлеңдері мен кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы таңдалып алынған.
Айта кетейік, Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және кітапханалық жобаларына негізделген болатын.
Шарада Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапхана директоры Жамал Әнуарқызы дара тұлғалардың тағылымды өмірі туралы сөз қозғады. Акцияға қатысушы жастарды кітап оқуға шақырды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушы студенттер шығарма аясында өзара пікір алмасты.

JoomShaper
Виртуальный ассистент