«ҚМУ» құрамасы «Жайдарман» академиясының кубогын жеңіп алды!

«Жайдарман ойындары» - өздеріңізге белгілі көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал телевизиялық ойын – сауық жобасына айналды.

Мақсат - әдемі әзілді өмір шындығымен үйлестіріп, мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттау. Жастардың сөйлеу және сахна мәдениетін қалыптастыру. Қазіргі таңда жастардың үлкен қозғалысына айналған жайдарман сайыстарына 200-ден астам команда, 2 мыңға жуық жас атсалысып келеді. 7 аудандық лига мен қалалық және облыстық сонымен қатар жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында факультетаралық лигалар да қызмет жасауда. Нартай Бекежанов атындағы драма театрда дәстүрлі облыстық «Маусымашар - 2019» фестивалі өтті. Сайысқа барлығы 19 команда қатысты. Нәтижесінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ құрамасы «Жайдарман» академиясының кубогын жеңіп алды! Құттықтаймыз!

JoomShaper
Виртуальный ассистент