Жоспары айқын, мақсаты мықты жастар жұдырықтай жұмылды

Бүгін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ "Ұлағат ұландары", "Нұр Отан" партиясы "Тұран" филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты, "Домбыра Думан" ұйымы, "Ақиқат" саяси дебат клубы, "Саналы ұрпақ", "Жайдарман" әзілкештері, "Қыз Жібек" қыздар клубы, "Қыран" және "Туған Жер" еріктілер жасағы, студенттердің бастауыш кәсіподақ ұйымы, "Қазақстан Студенттер Альянсы", "Сыр сымбаты", "Студенттік кеңестер", "Жауқазын" жастар театры, "Зерде ұйымы" жастары басқосты.

Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарын сараптап, алдағы жұмыс жоспарларын пысықтады. Бағдарлама барысында сөз алған университеттің оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы,"Nur Otan" партиясы "Тұран" филиалы "Бірлік" бастауыш партия ұйымының төрағасы Жандос Базартай жастардың барлық тың идеялары қолдау табатынын жеткізді. Және бірінші курс студенттерін белсенді жастар ұйымдарының мүшелері болуға талпынуға шақырды. Жиында бұдан бөлек, мәдени - көпшілік шаралардың қаншалықты маңызды екені айтылды. Жалпы бұл күні әрбір жастар ұйымының мүшелері ауыз толтырып айтар жұмыстарын көрсетті.

JoomShaper
Виртуальный ассистент