Үздік түлек

«Социум-Қызылорда» қорының 5 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Келесі кездескенше жаз-2019» атты концерттік бағдарлама өтті. Шара көрігін жергілікті өнерпаздар қыздырды, жиналған көрермендерге ерекше көңіл – күй сыйлады.

Сонымен қатар бесжылдық мерейлі мерекеде қордың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары туралы әзірленген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
«Социум – Қызылорда» 5 жыл уақыт аралығында қаламызда түрлі әлеуметтік маңызы бар шаралар ұйымдастарып, жастарға арналған арнайы алаңдар құрды. қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға атсалысты.
Осы шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі «Социум – Қызылорда» қорының төрағасы Ерлан Мұсаевқа университеттің жоғары марапаттарының бірі «Үздік түлек» медалін университеттің оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы,"Nur Otan" партиясы "Тұран" филиалы "Бірлік" бастауыш партия ұйымының төрағасы Жандос Базартай табыстады.
Ерлан Мұсаев 2002-2007 жылдар аралығында «Мұнай және кен орындарын иегеру» мамандығы бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ білім алды. Қазіргі таңда «Социум – Кызылорда» қорының төрағасы, белгілі блогер.

JoomShaper
Виртуальный ассистент