Жазғы мектеп

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дәстүрлі бес күндік жазғы мектеп өткізді. Шараға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Ең белсенді дегендерге оқу соңында сертифитттар табысталды. Жазғы мектептің оқыту процессі екі бағытта жүргізілді.

Бірінші бағыттың мақсаты - университеттің профессор-оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін жоғарылату, жоғары оқу орнында оқытудың сапасын көтеру, оқу процесін зерттеуді жетілдіру. Сондай-ақ, оқытушының кәсіби құзыреттілігін жоғарылату мақсатында жоғары оқу орны пәндерін оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін қолдану жолдары және «Lesson study тәжірибесі: оқу процесін зерттеу - кәсіби даму құралы ретінде» антиконференция өткізілді. Ал, екінші бағыттың мақсаты - ақылы негізде арнайы курстарды ұйымдастыру арқылы университеттің оқытушы-профессорлар құрамының тәжірибесін тарату. Бұл бағыт бойынша мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі арқылы ақылы негізде профессор-оқытушылардың арнайы курстары ұйымдастырылып өткізілді.

                           Imdo/Images/News/1631.jpg   Imdo/Images/News/1632.jpg

JoomShaper