«Мамандығым-мақтанышым» ашық тәрбие сағаты

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, оларың өрісті ойы, өркендісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»

Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан – жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін маман болу үшін не істеу керек?
Осы және тағы басқа мәселелер 2018 жылдың 23 қарашасында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының СИБ-18-1 оқу тобы және математика пәнінің оқытушысы Ж.Т.Джалбированың ұйымдастыруымен «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Кешке «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының профессор оқытушылары, топ кураторы Төлегенова Э. қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты студенттердің өз мамандығының қыр сырымен танысу, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ұғыну, білікті де білімді маман болуда қажетті білімдер мен тәжірибелер алу жолдарымен танысу. Іс шара барысында топ арасында қызу талқылау, өзара сайыс пен өз өнерлерін қөрсетумен ұласып, бірінші курс студенттерінің жан жақты, өнерлі де білімділіктерін көрсетті.

JoomShaper