Мамандарға еңбек нарығындағы сұраныс

Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 22 қараша күні «Мұстафа Шоқай» ғылыми-зерттеу орталығында университет факультеттерінің бітіруші курс студенттеріне қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандарын қатыстыруымен «Еңбек нарығына қажетті мамандар» атты семинар өтті.

Бөлім бастығы, п.ғ.к. С.Т.Жарбулова Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі болашақ мамандардың құзіреттілігін дамыту жұмыстарын бөлімдерде үйлестіру қызметін қалыптастыратының, түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмыстарын жүргізетінің, жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас және оның тұрақты жетілдіру негізінде ішкі және сыртқы факторларды талдау жұмыстарын жүргізетініне тоқталды.

 

Сондай-ақ, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары Сұгірбаева Жайдар және Жұмабек Гүлмира қазіргі таңда еңбек нарығына қандай мамандар қажет екеніне тоқталып, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына, Жастар практикасы бағдарламасына қатысуға, қайта оқу курстарынан өтуге, қосымша мамандық алып шығуға, өз істерін ашуға болатындығы жәйлы айтылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3 бағытымен толығырақ таныстырып шықты.
Бағдарламаның 1-бағыты бойынша Кәсіби біліктілікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу, 2-бағыты бойынша Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, 3-бағыты бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту болып табылатынын атап айтты.
Семинар жұмыстарын жүргізу барысында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мамандар жан-жақты жауап берді.

JoomShaper