Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар

23 қараша 2018 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушылары, п.ғ.м., Ә.Бозанова, г.ғ.м., Ж.Бегайдарованың ұйымдастыруымен Ж-18-1, Ж-18-3 оқу топтарының «Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар» атты мәдени-танымдық кеші өтті.

Шараның мақсаты – 1-курс студенттерінің университет студенттерімен танысып, өздерінің өнерлерін паш ету.
Шара барысында оқу кафедра оқытушысы ф.ғ.к., К.Сарышева, т.ғ.м., Н.Жақыпбеков, «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі А.Тәжиев сөз сөйлеп, білім алушылардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

JoomShaper