Құттықтаймыз

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті Әсел Серікбай Ташкент қаласында 20 жасқа дейінгі қыздар арасында батыс Азия елдері арасында шахматтан өткен Азия чемпионатында блиц, рапид түрлері бойынша Алтын медаль, классика түрі бойынша Күміс медаль иеленіп, ел мерейін биікке көтерді.

Университет ұжымы талантты шәкіртін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы Түркия елінде 16 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін Дүниежүзілік жасөспірімдер Олимпиадасында биік тұғырдан көрінуіне тілектестік білдіреді.

JoomShaper