Кафедра филиалының жұмысы жандана түсті

2018-2019 оқу жылынан бастап «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының «Атамекен - отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан»кафедра филиалы ашылған болатын.

Бірлескен жұмыс жопарына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері Қызылорда қаласына достық іс-сапармен қонаққа келді.«Алтын көпір» деп аталған аталмыш іс-шараға «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алушылар белсене қатысып, екі жақтың тәрбиеленушілерін үш күндік сапар барысында «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне, «Байқоңыр»ғарыш айлағына және Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен,тарихымен таныстыра отырып,өзара байланыс орнатты.Шара барысында арнайы сөз алған «Үміт» балалар үйінің директоры М.Бейсекенова балаларға достықтарының берік болуын тілеп, мұндай іс-шаралар барлық өңірде өз жалғасын тапса екен деген тілегін білдірді.
Бұл шара елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Бұл іс-шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Болашақ әлеуметтік қызметкерлер шара барысында үлкен жауапкершілікті сезіне отырып,әрі қарай филиал жұмысын жандандыруға болатын жоспарлар кешенін жасады.

 

JoomShaper