«Нео-фольклор» қалалық дизайнерлер байқауы

2018 жылдың 22 қараша айында «С.Майканова атындағы мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ұйымдастыруымен «Нео-фольклор» атты жас сәнгер-дизайнерлердің арасындағы байқауы өтті.

Бұл байқауға «Кәсіптік оқыту» кафедрасының «Дизайн» мамандығының студенттері қатысты. Байқау ережесі бойынша әр қатысушы үш киім үлгісімен дефиле көрсетті және қолөнер көрмесіне өздерінің жасаған бұйымдарын алып барды.
Байқау нәтижесі бойынша Д-15-1 оқу тобының студенттері Шуақбай Ақнұр - 1 орынға, Әби Рита – 2 орынға ие болды. Д-14-1 оқу тобының студенті Темір Аида «Шығармашыл дизайнер» номинациясы бойынша диплом иегері атаңды. Дайындаған жетекшілері: «Кәсіптік оқыту» кафедрасының аға оқытушылары тар.ғ.к. К.Б. Касенова, п.ғ.к. Ш.З. Кошкарова, оқу шебері, п.ғ.м. А.Б. Амирова және кафедра меңгерушісі Ж.Ж.Смаилованы студенттердің белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

JoomShaper