Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде “SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAK” жобалық фронт – офисі ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, «Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшілері және студенттерінің қатысуымен арнайы кездесу өткізілді.

Кездесуге университетіміздің оқу-ісі жөніндегі проректор-бірінші проректоры А.Т Жүнісов, Агенттіктің облыстық департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.С.Мұхимов және қаламыздағы басқа да жоғары оқу орындарының жетекшілері мен студенттері қатысты.
Заман алға жылжып уақыт өткен сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қазіргі заманғы құралдары мен әдістері қабылдануда. Осы шаралардың басты мақсаты Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмылдырудың жаңа әдістерін енгізу, қоғамның, соның ішінде студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа жолдарын қолдану болып табылады.

 

“SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAK” жобасын жүзеге асыру мақсатында фронт офисі ашылды. Жалпы бұл офис барлық оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметін үйлестіретін, клуб жетекшілерімен тығыз жұмыс жасайтын базалық офис болады. Осы фронт офистің қызметін жүргізетін «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі болып Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Кәсіптік оқыту мамандығының» 3 – курс студенті Тынысбекова Айкерім Сәбитбекқызы тағайындалды.
Жобаны жүзеге асыру бағытында «Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылып, барлық қатысушылар мен қонақтар “SANALY URPAQ – JARQYN BOLASHAK” жобалық кеңсесін тамашалады.

 

JoomShaper