Олимпиада жеңімпаздары анықталды

2018 жылдың 27 ақпан күні «Филология, тарих және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Исаева Жанат Амандыққызы мен аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна Шиелі ауданына қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушылары үшін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа сапалы білім беру» тақырыбында аудан мектептері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясын білуге арналған олимпиада өткізіп қайтты.

Астанаға 20 жыл

«Биология, география және химия» кафедрасының Б-15-1 п.я. тобының студенті Ниязбек Аруна Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ұтқырлық бойынша оқып жүр және Астанада өткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы мен халыққа Жолдауына және Астананың 20 жылдығына арналған «Жастар және дәуір келбеті» атты республикалық жастар форумында белсенділік танытып, қатысқаны үшін марапатталды.

Спорт бізді біріктіреді

2018 жылдың 24 ақпаны күні «Филология, тарих және құқық» факультеті мен «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген маңызды бағыттардын насихаттау мақсатында «Филология, тарих және құқық» факультетіне қарасты кафедралардың әйелдер оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында «Спорт бізді біріктіреді» атты тақырыпта волейболдан жарыс өтті.

«Қазақ руханиятының жарық жұлдызы»

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған.Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист.

«Ел жүрегі – Астана»

27.02.2018ж. Астананың 20 жылдығы аясында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң Жаратылыстану факультеті «Биология, география және химия» кафедарсының оқытушы профессорлары мен  студенттердің ұйымдастыруымен «Ел жүрегі-Астана» атты суреттер мен қолдан жасалынған туындылар көрмесі өткізілді.

Тағы жаңалықтар...

16-25

JoomShaper
Виртуальный ассистент