«Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесін дамытудың өзекті мәселелері»

Бас заңгер, Сыр топырағының түлегі, бүгінде тоқсан жасты еңсерген Сұлтан Сартаевты мақтан тұтатынымыз анық.

«Ұстазын ұмыту – туған атасын ұмытумен тең»,-деп өзі айтқандай, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, Ата Заңымыздың құрастырылуына зор еңбек сіңірген, талай шәкірт даярлаған, ұлағатты ұстаз еңбегін дәріптеу мақсатында, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Тарих,құқық және филология» факультетінің «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары студент жастар арасында «Қазіргі кезеңдегі ҚР құқықтық жүйесін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізуі - ұстазды ұлықтаудың үлгілі көрінісі. Ғалымның «Білікті, білімді дүние есігін ашқың келсе, кітапханаға бар» деген нақыл сөзіне сай, біз ғылыми-техникалық кітапхана ұжымы да іс-шараның мәнді, мағыналы өтуіне өз үлесімізді қостық.

JoomShaper
Виртуальный ассистент