«Қазақ руханиятының жарық жұлдызы»

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған.Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист.

Оның көсемсөз мұрасы бастауын үш нәрседен: жеке басының бұйдагерлік (лидерлік), саясаткерлік және ұйымдастырушылық үздік қабілетінен алады. Бұған оның «Қазақстандағы мәдениет революциясы», «Қазақстандағы сауатсыздықты жою» кітаптары, «Саяси экономия» оқулығы, «Орта Азиядағы қазақ халқының күйлері», «Қазақ педагогикалық институтын құру», «Қазақ халқының ақындары мен жыршылары», тағы басқа очерктер мен мақалалары жатады. Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды. Көрме жанындағы әңгімеге студенттер мен магистранттар қатысты. Өздеріне қажетті кітаптарды,мерзімді басылымдарға шыққан материалдармен танысты. Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады. Ұлтының ұлылығын ұлықтаған, ақтық демі таусылғанша бар болмыс–бітімімен, пәк жүрегінің асыл сенімімен елі мен жерінің өркендеуіне баға жетпес қызмет атқарған ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі – Темірбек Қараұлы Жүргенов.

JoomShaper
Виртуальный ассистент