Олимпиада жеңімпаздары анықталды

2018 жылдың 27 ақпан күні «Филология, тарих және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Исаева Жанат Амандыққызы мен аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна Шиелі ауданына қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушылары үшін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа сапалы білім беру» тақырыбында аудан мектептері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясын білуге арналған олимпиада өткізіп қайтты.

Олимпиада өткізудің негізгі мақсаты кәсіби бағдар беру және құқықтық насихат жүргізу. Олимпиадаға Шиелі ауданынан қарасты 16 мектеп қатысты. Бақтарын сынасу үшін талапкерлер 2 кезеңнен тұратын сынақтан өтті: І кезең тест сұрақтарына жауап беру; ІІ кезең эссе жазу.
Олимпиада нәтижесі бойынша жүлдеге ие болғандар арнайы дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталып қатысқаны үшін сертификаттар берілді: І орын: №49 орта мектептің 9-сынып оқушысы Тұрсынова Әсель Ғалымжанқызы, жетекшісі Ж.Ш.Биназарова; ІІ орын: Ш.Уалшеевтің жетекшілігімен №50 Абай атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қалжан Ұлбосын және №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі 10-сынып оқушысы Кенжебайқызы Аружан, жетекшісі С.Е.Битаева; ІІІ орын: Ж.Мауленованың жетекшілігімен №206 Жиделіарық орта мектебі 10-сынып оқушысы Сағынбаева Гүлнұр мен №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Хозуев Абдукарим, жетекшісі И.С. Нурумбетова. Сонымен бірге, І орын иегері Қызылорда қаласы мектептері арасында өтетін олимпиадаға жолдама алады.
Олимпиадаға қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, келешекте де осындай сайыстардың болып тұруына өтініш білдірді.

JoomShaper
Виртуальный ассистент