Әйел-ана. Әйел-өмір. Әйел-гүл.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы Фил-15-1 мен Ж-15-1 оқу топтарының ұйымдастыруымен кафедра ұстаздарына арнап мерекелік концерт болды.

Шара барысында «Филология, тарих және құқық» факультетінің деканы Сағат Тайман алғашқы құттықтау сөз айтып, ұстаздарды және бойжеткендерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, факультетте мәдени іс-шараларға белсене қатысып жүрген студент аруларымызды марапаттады.
Сонымен қатар аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Гүлмира Шаитмағанбетқызы да оқу орнына ғана емес, қоғамда да белсенділік танытып жүрген оқытушыларға ізгі тілектерін арнап, алғыс хат табыстады.
Мереке қарсаңында ұстаздар қауымы «Жастар ресурстық орталығының» құттықтау хатымен марапатталды.
Мерекелік көңіл-күйді студенттердің әні мен биі және шағын көрінісі әрі қарай жалғастырды.

Маржан ӘШІРАПБАЙ

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент