Хабарландыру

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 6В01202-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша 2020 жылы 8-9 сәуірде өткізілетін ХІ Республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

- толығырақ  -толығырақ

 

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Халықаралық байланыстар бөлімі ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқитын қызығушылық танытатын студенттер, магистранттар мен докторанттарға Ұлыбританияның фермалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындарында өндірістік тағылымдамадан өту үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайды.
Тағылымдамадан өту шарттары:
1. Кәсіпорындар мен фермалардағы ауылшаруашылық өнімдерімен жұмыс: жидектер, жемістер, көкөністер және дәнді дақылдарды өсіру, жинау, өңдеу; орман және мал шаруашылығымен айналысуға байланысты.
2. Аптасына 6-күндік жұмыс жасалады, 2020 жылдың наурыз айынан қараша айы аралығында. Еңбек ақы сағатпен төленеді (шамамен сағатына 4 336 теңге). Апталық жұмыс уақыты 48 сағаттан асса үстеме еңбек ақы төленеді.
3. Жылжымалы үйде тұру ақысы аптасына бір адамға шамамен 26 252 теңгені құрайды, оның ішінде душ, кір жуғыш машиналары мен демалу жайларын және интернетті пайдалану кіреді.
4. Бағдарламаға қатысу тегін. Қатысушы өз қаражаты есебінен келесі шығындарды көтереді (Мәскеу-Лондон-Мәскеу бағыттары бойынша әуе билетін сатып алу шамамен 120 000 теңге), жұмыс визасын алу (виза құны шамамен 120 000 теңге). Сонымен қатар, қатысушыда кәсіпорынға жеткенге дейін және алғашқы уақытта жұмсайтын кем дегенде 99 000 теңге ақшасы болу керек.
5. Тағылымдамадан өту бағдарламасын Ресейдегі және ТМД елдеріндегі Конкордианың өкілеттілігі басқарады.
Өтініштер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінде 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, телефон: 26-17-25

 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың
халықаралық байланыстар бөлімі.

Хабарландыру

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруыменАбайдың 175 жылдығына арналған «Абай Құнанбаев: ойшыл, судья, заң шығарушы»» тақырыбында өтетін жылсайынғы дәстүрлі құқық апталығының ЖОСПАРЫ
Өткізілу мерзімі: 17-21ақпан 2020 ж.
Жауапты: «Құқықтану» кафедрасы

 

Іс-шара аталуы

Өткізу уақыты

Өткізілетін орны

Жауаптылар

1 күн

1.

Тақырыпты плакаттар сайысы

17 ақпан 2020 ж.

9-00 

ҚМУ Бас әкімшілік ғимаратының фойесі

Жумагулова Ш.

2.

«Құқықтану» мамандығының 1-2 курс студенттерінің арасында Абайдың Қара сөздерін мәнерлеп оқудан сайыс

18 ақпан 2020 ж.

18.00

Қорқыт ата ат. ҚМУ №1 жатақханасы (студенттер қалашығы)

 

Қаржаубаева Л.М.

Эдвайзерлер

2 күн

3.

Қорқыт Аа атындағы ҚМУ тақырыпты заң әдебиеттерінің көрмесі

 

18 ақпан 2020 ж.

10-00  - 12.00

ҚМУ Бас әкімшілік ғимаратының фойесі

Алтаев Е.А.

4.

Қызылорда қаласыныңорта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының арасындақұқықтық олимпиада

18 ақпан 2020 ж.

10-00  - 12.00

ҚМУ БӘҒ

№526 дәрісханасы

Саниязова Е.

Кубенова А.Р.

3 күн

5.

 

Қызылорда қаласы колледждерінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылардың  арасында құқық салалары бойынша  «Не? Қайда? Қашан?»  зияткерлік білім сайысы

19ақпан 2020 ж.

14-00  - 16.00

ҚМУ БӘҒ

№408 дәрісханасы

Утегенова Г.А.

Жолдыбаева А.Р

 

4 күн

6.

Қызылорда қаласының ЖОО-ң «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттерінің арасында сотта сөйлеу шешендігінен сайыс

20 ақпан 2020 ж.

9-00  - 11.00

Қызылорда  қалалық сот ғимараты

Қаржаубаева Л.М., Исаева Ж.А., Абубакирова Г.

5 күн

7.

«Абайдың этникааралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек стол

21 ақпан 2020 ж.

10-00  - 12.00

ҚМУ Студенттер сарайы

Жусупбекова М.Қ., Абдуллаева Б.С.,

Тойлыбекова Э.

 

8.

Құқық апталығын қорытындылау

21ақпан 2020 ж.

15-00  - 16.00

510 дәрісхана

Каржаубаева Л.М

 

Хабарландыру

 студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Еуропалық университеттерде оқу үшін 2020 жылға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру конкурсына құжаттар қабылдау туралы хабарлайды. Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) ҚР азаматының паспортының көшірмесі; 

2) білімі туралы куәлік: университеттің мөрімен куәландырылған ағымдағы үлгерімнің (транскрипт) көшірмесі;

3) шетел тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың біреуін ұсынады: - шетел тілін білудің халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (IELTS / TOEFL), бар болған жағдайда; - студентті қабылдауға шетел тіл білім деңгейі оқу үшін жеткілікті деген шетелдік жоғары оқу орнының келісім-хаты; - қазақстандық университеттің өткізген тест нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

4) егер студент Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса, өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

5) студенттің көп балалы отбасынан шыққандығын растайтын отбасы құрамы туралы құжат;

6) студенттің ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына кіретін студенттер үшін);

7) студенттің мүгедектілігін растайтын құжат, бар болған жағдайда.

Құжаттар файлдық папка түрінде халықаралық байланыстар бөлімінде 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А,
бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, телефон: 26-17-25

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың
халықаралық байланыстар бөлімі.

JoomShaper