АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Сіздерді «Цифрлық қоғам - цифрлық білім беру: проблемалары, тәжірибелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

Гуманитарлық-педагогикалық институты

Педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасы


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Сіздерді «Цифрлық қоғам - цифрлық білім беру: проблемалары, тәжірибелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
1. Цифрлық дәуірдегі білім берудің әдіснамалық аспектілері
2. Білім беруді цифрландыру: әдістемелік және практикалық шешімдер
3. Цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру
Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Баяндаманы тапсыру және тіркеу мерзімі: 10.05.2020 - 10.06.2020
Конференцияның пленарлық отырысы 2020 жылдың 29 мамырында ZOOM платформасы бойынша онлайн-вебинар форматында өтеді.
Құжаттарды рәсімдеу талаптары:
Баяндама 5 беттен аспауы тиіс. Баяндама WORD редакторында Times New Roman шрифтімен терілуі керек. Кегль -14, интервал - 1, абзацты шегініс - 1,25. Әр беттің сол жағынан – 30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы жағынан – 20 мм, төменгі жағынан – 20 мм ашық жер қалдырылады.
Бірінші қатардың сол жағынан ӘОЖ индексі немесе ҒТАМР рубрикаторы көрсетіледі. Екінші қатардың ортасына қалың шрифті бас әріптермен баяндаманың тақырыбы жазылады, келесі қатарда қалың шрифтімен автордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі, одан кейінгі қатарға курсив әріптермен мекеменің аты, қала, ел және E-maіl жазылады.
Қазақ тіліндегі мәтіндер үшін аннотация мен кілт сөздер орыс және ағылшын тілдерінде, орыс тіліндегі мәтіндер үшін қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі.
Келесі қатардан негізгі мәтін басталады.
Сілтемелер тік жақшада беріледі, мақала соңында қолданылу ретіне қарай пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Баяндаманың электронды нұсқасы конференцияны ұйымдастыру комитеті жауапты мүшелерінің төменде көрсетілген электронды почтасына жіберіледі.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе мерзімінен кеш жіберілген мақалалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.
Мақалалар тегін жарияланады.
Конференция қорытындысы бойынша РИНЦ ақпараттық-талдау жүйесінде жүктелген мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ рецензияланып, мақалалар плагиатқа тексеріледі.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, №7 ғимарат, Төле би көшесі, 36Б Ұйымдастырушылар:
1. Майгельдиева Шарбан Мусабековна – педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры; тел. +7777 977 0902; E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
2. Педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасы, жауаптылар – Жайлауова Манат Кенесовна – п.ғ.к., доцент , тел.+77755169313; E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
3. Бекжанова Бахытжамал Жорабековна ‒ кафедра меңгерушісі, PhD докторы, тел. +77075316051; E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ:


ӘОЖ 378.14
ЖОО ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСНАМАЛЫҚ ТҰҒЫРЛАРЫ
Аманова С.М.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.,
Қазақстан Республикасы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


Аннотация:
Кілт сөздер:
Abstraсt:
Keywords:

Конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

 

 

Авторлардың тегі, аты, әкесінің аты:

 

Оқу орны немесе жұмыс орны, қызметі:

 

Ғылыми дәрежесі, атағы:

 

Баяндама тақырыбы:

 

Секция:

 

Мекен-жайы, телефоны,

Электронды пошта:

 

Қосымша ақпарат:

 

 

 

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент