Жоғары оқу орнына түсушілер назарына!

 

 

Жоғары оқу орнына түсушілер назарына! 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдерінің өзгеруіне байланысты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының (мектеп) өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру (колледж), халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінен және шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалардан 2020 жылғы маусым айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 20 сәуір және 10 мамыр аралығында жүргізіледі.

Елде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу үшін алдын-ала онлайн түрінде өтініш беріп, өз құжаттарын университеттің қабылдау комиссиясына карантин мерзімі аяқталған соң апарып тапсырады.

ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру бойынша университетің қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларына хабарласа алады. Университетің қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының байланыс нөмірлері төмендегі сілтемеде берілген.

JoomShaper
Виртуальный ассистент