Жоғары оқу орнына түсушілер назарына!

Жоғары оқу орнына түсушілер назарына!

 Коркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2020 жылғы маусым-шілде айларында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін түсушілерден өтініштерді  қабылдайды.

Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдерінің өзгеруіне байланысты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен өтініштер ағымдағы жылғы 15 және 30 сәуір аралығында, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалардан өтініштер ағымдағы жылғы 15 сәуір және  5 мамыр аралығында қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Кабылдау комиссиясының мекен-жайы: 120014,  Қызылорда қаласы, Абайдаңғылы, 66. Тел. 23-53-92

JoomShaper
Виртуальный ассистент