Хабарландыру! Хабарландыру! Хабарландыру! Хабарландыру!

Хабарландыру

Халықаралық байланыстар бөлімі Мевлана алмасу бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылына Түркия, Сакарья университетінде жаратылыстану, инженерлік, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мамандықтары бойынша білім алу және

тағылымдамадан өту үшін байқауға өтінімдер қабылдайды.

Бағдарламаға 1-2-3-курс студенттері, 1-курс магистранттары, 1-2-курс докторанттары Сакарья университетінде 4 ай білім алу үшін қатыса алады. Конкурстан өткен студенттерге ай сайын стипендия тағайындалады.

Алмасу бағдарламасына Сакарья университетінде 2 апталық тағылымдамадан өту үшін профессорлық-оқытушылық құрам қатыса алады. Конкурстан өткен оқытушыларға бару келу жол ақысы және тәуліктік шығындар төленеді.

Білім алушыларға қажетті құжаттар:

1. Университет ректорының атына толық жеке деректер мен электрондық поштасымен байланыстары бар өтініш;

2. Паспорттың көшірмесі;

3. Транскрипт (студенттер үшін GPA кем дегенде 4-тен 2,5 балл;

магистранттар мен докторанттарға GPA кемінде 4-тен 3 балл).

Профессорлық-оқытушылық құрамға қажетті құжаттар:

1. Университет ректорының атына толық жеке деректер мен электрондық поштасы бар, сондай-ақ презентация жасау үшін ағылшын тіліндегі лекция тақырыбы және 2020/2021 оқу жылында барып келу мерзімі жөніндегі өтініш;

2. Паспорттың көшірмесі.

Құжаттар 2020 жылдың 24 ақпанынан бастап 5-ші наурыз сағат 17:00-ге дейін халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ., Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефондары: 26-17-25

 

JoomShaper
Виртуальный ассистент