«Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі кафедрасының сайтына қош келдіңіздер!

Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі кафедрасында 6B01101 - Педагогика және психология, 6В01202-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01303-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7М01101 - Педагогика және психология, 7М01303 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 8D01101 – Педагогика және психология (PhD философия докторы), 8D01303 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі(PhD философия докторы) білім беру бағдарламалары бар, мұнда жоғары білікті оқытушылар, оның ішінде педагогика ғылымдарының докторлары, кандидаттар, PhD докторлары мен ғылым магистрлері жұмыс істейді.

Кафедраның ғылыми қызметінде «Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары» стандартының талаптарын жоғары деңгейде орындап келеді. Кафедра ЖОО-дағы педагогикалық-психологиялық дайындау және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық менеджментті жетілдіру, мамандарды даярлау және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу мәселелері бойынша бірнеше бағытта жұмыс жасайды.

Кафедра профессор-оқытушыларының ғылыми-әдістемелік семинары 3 бағытта жүргізіледі:
- Жаңартылған білім мазмұны негізіндегі бастауыш оқыту мен тәрбилеудің өзекті мәселелері;
- Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері;
- Тұлғалық үйлесімді дамудың педагогикалық-психологиялық аспектілері

> «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы БББ бойынша кадрларды даярлайды.
Бакалавриат
6В01101 - Педагогика және психология
6В01202 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
6В01303- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура
7М01101 - Педагогика жəне психология
7М01303 -  Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Докторантура
8D01101 – Педагогика және психология(PhD философия докторы) 
8D01303 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі(PhD философия докторы) 

Кафедра туралы

  2012 жылы университеттегі құрылымдық өзгерістерге және кәсіби мамандарды дайындаудағы реформаларға байланысты «Жалпы педагогика» және «Психология» кафедралары біріктіріліп, «Педагогика және психология» кафедрасы жасақталды. Арада 9 жыл өткеннен кейін, яғни 2021 жылы университеттегі кәсіби білім беру қызметін оңтайландыру мақсатында «Педагогика және психология» кафедрасы мен білім негізін қалайтын бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын білікті мамандар даярлаушы 48 жылдық тарихы бар «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы біріктіріліп, үлкен ұжымға айналып,  бүгінгі күні «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы ретінде еліміздің жастарына заманауи, әрі сапалы кәсіби білім беру және тәрбие үдерісімен қарқынды айналысуда.

  Кафедрада ғылыми қызметті жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың Ғылыми зерттеу үйірмелері құрылды. Кафедрада 3 үйірме жұмыс жасайды. 2020 жылдан бастап елімізде еріктілер жылы жариялануына байланысты  студенттер түрлі волонтерлік қозғалыстарға қатысуда, мысалы, 2-3 курс студенттері әлеуметтік «Сабақтастық» волонтерлік іс-шараларына қатысады.

  Заманауи білім беру мазмұнын жүзеге асыру   мақсатында кафедраның материалдық-техникалық базасы инноватикалық технологияларға бағытталған замануи соңғы үлгімен жабдықталған. Осы талаптарға сай келетін, кафедрамыздың жанынан «Жаратылыстану негіздері» зертханасы, профессор А.Е.Ерназаров атындағы оқу дәрісханасы, Кафедра тарихына үңілсек өздерінің педагогтық тұлғасымен ұрпаққа үлгі болған, педагогикалық тәжірибелері кейінгі жастарға қанат бітірген педагог-ғалымдар Х.Е.Нұғманова мен Ж.А. Асанов білім саласындағы еңбектері есте қаларлықтай есімдерге лайық. «Психологиялық кеңес беру» арнайы кабинеттері, «Инклюзивті білім беру» және «Мәңгілік Ел» орталықтары, 1 компьютер сыныбы және жаңа буын компьютерлерімен жабдықталған дәрісханалар. «Педагогика және психология»  білім беру бағдарламасы  бойынша ерекше қажеттілігі бар білім алушыларға арналған оқу дәрісханалары бар.

  Білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес өндіріспен байланысты нығайту мақсатында  кафедра базасындағы білім беру бағдарламаларының бағытына сәйкес тәжірибе алаңы ретінде мектеп, балабақша, арнайы мектеп қабырғаларынан кафедра филиалдары ашылып, жұмыс жасауда. Осындай филиалдар «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес  «Алтын Ұя» мемлекеттік қазыналық бөбекжай балабақшасының, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының базасында жұмыс жасайды.

  2022 оқу жылында «Адамның үйлесімді дамуы» бойынша Ғылыми-білім беру орталығының Филиалы ашылды. Филиал адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты есебінен ашылды және үш зертханадан тұрады: 1. Инклюзивті білім берудің ғылыми зертханасы; 2. Психодиагностика оқу зертханасы; 3. Педагогикалық шеберлік зертханасы.

Миссия мен стратегия


Кафедра миссиясы – мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде, тұлға дамуының педагогикалық-психологиялық аспектілері негізінде бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, университеттің даму мақсаттарына орай оқу үдерісін білім берудің әлемдік үздік тәжірибелеріне сай инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету.
 
Халықаралық байланыс
Оқытушылар, магистранттар мен студенттер халықаралық конференцияларға қатысып, халықаралық басылымдарда ғылыми мақалалар жариялайды және университетте халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда. Кафедра студенттер мен магистранттарға өздерінің кәсіби білімін жақсартуға, халықаралық конференцияларға, семинарларға және тәжірибелерге қатысуға мүмкіндік беретін шетелдік ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде. Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімдердің аясында студенттер, магистранттар мен оқытушылар үшін шетел университеттерінің дәрістері ұйымдастырылады. Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі кафедрасының төменде көрсетілген отандық және алыс, жақын шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстары:
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
2. Абай атындағы ҚазақҰлттық педагогикалық университеті (Алматы);
3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті (Нұр-Сұлтан);
4. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе);
5. Болгария Республикасы,  Тракия университеті, Стара Загора;
6. Орынбор мемлекеттік университеті, Ресей Федерациясы;
7. Орынбор мемлекеттік пеадгогикалық университеті, Ресей Федерациясы;
8. Қазан Федералды университеті, Ресей Федерациясы;
9. Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті.
Кафедра ғылым мен білім шеңберінде бірқатар өңірлік білім беру мекемелерімен байланыстар орнатып, ынтымақтастықты  дамыту мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларын іске асыру шетелдік жетекші білім және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Магистранттарға және докторнаттарға жыл сайын шақырылған шетелдік профессорлар дәріс оқиды; университеттің халықаралық байланыстарының арқасында докторанттар оқу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына шығуға мүмкіндік алады.
IAAR және IQAA ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша кафедра:
2021жылы: М001-Педагогика және психология - 2-орын, М003-Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау – 1-орын;
2022жылы: D001-Педагогика және психология – 3-орын, D003-Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау – 3-орын. Бұл нәтижелер жоғары білікті мамандар даярлаудағы ұжымның көпжылдық жемісті жұмысының көрсеткіші болып табылады.
Кафедра білім беру бағдарламалары бойынша қоғамның, экономиканың, өндірістік қажеттіліктеріне бағытталып, жұмыс берушілердің сұранысына орай білім берудің барлық салаларында  кәсіби, сапалы мамандар даярлауына бағытталып, қызмет етуде.

 

Байланыстар


501.png Бекжанова Бахытжамал Жорабекқызы                                   
___________________________________              

«Педагогика және психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы(PhD)

503.png bekzhanova77@mail.ru                                                    

 telephone.png    8 707 531 60 51                                                   


 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Бекжанова Бахытжамал Жорабекқызы

  • Лауазымы: Кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры, PhD
  • Ақпарат

Майгельдиева Шарбан Мусабекқызы

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының доктор, профессор
  • Ақпарат

Игенбаева Рабиға Тасбергенқызы

Акбембетов Булат Ескалиевич

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Ағбаева Ұлтусын Бектібайқызы

  • Лауазымы: Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Наурызбаева Рахат

  • Лауазымы: Педагогика  ғылымдарының  докторы, доцент.
  • Ақпарат

Өтегенов Жеткерген Мусаұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, философия докторы (PhD)
  • Ақпарат

Қойшыбаев Махамбетжан Нахыпбекұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор м.а., ф.ғ.к.
  • Ақпарат

Сейлова Зоя Тулеубаевна

  • Лауазымы: Академиялық доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Жайлауова Манат Кенесқызы

  • Лауазымы: Профессор, доцент, п.ғ.к.
  • Ақпарат

Кенжебаева Құндыз Серікқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, Философия докторы(PhD)
  • Ақпарат

Имангалиева Шолпан Дуйсенбайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Бекмурзаева Райхан Аймағанбетқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Баймаганбетова Жұлдызай Турматовна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Дарибаева Сандигүл Қулахановна

  • Лауазымы: Аға оқытушы,педагогика ғылымдарың магистрі
  • Ақпарат

Омарова Ләззат Тәліпқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Дуйсекеева Нұргүл Жалелатдинқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі,
  • Ақпарат

Оразымбетова Анар Дауылбайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика магистрі
  • Ақпарат

Накыпова Гүлнұр Қабылтайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Абуова Айнагүл

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Байболова Динара Тұрмағанбетқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Өмірзақова Әсел Махамбетқызы

Керейбаева Анар Умирзакқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Жамансариева Лаззат Дауревна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Сәрсенбай Ұлмекен

Абдималикова Қамар Панабекқызы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...